Президент • 06 Маусым, 2022

Президент: Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына жол берілмейді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған үндеуінде еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет деген ойын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент: Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына жол берілмейді

«Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым.

Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет», деді Президент.

Оның айтуынша, сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады.

«Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды.

Мен елімізді дамытудың осы және басқа да мәселелері бойынша нақты шешімдерді қыркүйек айында өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.