
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 300 мыңнан астам ана жүктілігі бойынша бұрынғы орташа еңбекақысының 100%-ын, ал балаға қарау кезеңінде еңбекақысының 40%-ын алып отыр. Сондай-ақ жұмыссыз қалған 105 мың азаматқа олардың еңбекақысының 40%-на дейін 6 айға дейін беріліп жатыр. Кейінгі жылдары бұл төлемдердің мөлшерін едәуір көтеру мәселесі қарастырылуда», деді ол Үкіметтің бүгінгі отырысында.