«Сараптамалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда 500 мыңға жуық адам платформалық жұмыспен қамтылған. Яғни, азаматтар Яндекс, Uber, Wolt және Glovo сияқты түрлі онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді. Мұндай режим тұрғындарға ыңғайлы екені сөзсіз. Алайда оның басты кемшілігі – жұмыспен қамтылғандар үшін әлеуметтік кепілдіктің жоқтығы. Бір сөзбен айтқанда, ондай азамат жұмыссыз қалса немесе балалы болуына байланысты жұмысын тоқтатса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қажетті әлеуметтік төлем ала алмайды», деп түсіндірді ол.
Министрдің сөзіне сенсек, осы жылдың соңына қарай заңға қажетті өзгерістер енгізіліп, бұл мәселе тиісті шешімін табады.
Салтанат Кенжебай