Референдум • 07 Маусым, 2022

Референдумның түпкілікті қорытындысы шығарылды

4444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумның түпкілікті қорытындысы шығарылды

«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 985 769 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады», деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.