Тағайындау • 07 Маусым, 2022

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Бекбол Орынбасаров әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Саяси экономия және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Ол, сондай-ақ, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын оқыған.

Б. Орынбасаров өз еңбек жолын 1993 жылы Форт-Шевченкода Маңғыстау облыстық кеден басқармасының «Баутино» кеден бекетінің инспекторы лауазымынан бастаған.

1996 жылдан 1998 жылға дейін банк және қаржы секторында қызмет етті.

1999 жылы Ақтау қалалық әкімшілігінің мүлікпен басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2005 жылға дейін Ақтау әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

Кейін Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2006 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ішкі әкімшілік департаментінің бухгалтерлік есеп және кадр жұмысы, ақпараттық технологиялар және ұйымдастыру техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болды, онда ол 2019 жылға дейін жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап 2021 жылдың наурызына дейін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы болған.

2021 жылдың наурыз айынан бастап, бүгінгі күнге дейін - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.