БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың мәлім еткеніндей, оқиға 7 мамыр күні шамамен сағат 19.15-те болды.
«Жалпақтал-Чапаев автожолының 115-шақырымында «Лексус» автокөлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 1986 жылғы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлікте отырған жолаушы, болжам бойынша жүргізушінің әйелі Жалпақтал ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Түнде Орал қаласында тұрған 1990 жылғы жолаушы әйел көз жұмды. Қазір ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді Д.Мәжитова.