Пікір • 08 Маусым, 2022

Бағдат Мусин Apple корпорациясына алғыс білдірді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Apple компаниясының бас директорына өтініш жасады,  деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Бағдат Мусин Apple корпорациясына алғыс білдірді

Ол iOS операциялық жүйесінің жаңа нұсқасына кирилл қарпінен латын графикасына автоматты түрде транс-литерация жасауды ұсынды. Мусиннің айтуынша, бұл қадам біздің ел азаматтарының латын жазуына тез бейімделуіне септігін тигізеді.

«Барлық қазақстандықтардың атынан Тим Кукқа қазақ тілін iOS және автоматты ауыстыру сияқты түрлі функцияларға қосқаны үшін алғыс білдіремін. Сондай-ақ Apple кирилл қарпінен латын графикасына автоматты түрде транслитерация жасау қызметін де қосса, риза болып қалар едік» дейді министр. 

Жақында Apple iOS 16 ұялы операциялық жүйесін таныстырған еді. Оған алғаш рет қазақ тілі енгізілді. Бұл өзгерісті iPhone 8-ден жоғары үлгілерді тұтынатын азаматтар пайдалана алады.

Айта кетейік, iPhone-да қазақ тіліндегі пернетақта осыдан 3 жыл бұрын пайда болып, ел тұрғындары қазақ тілді пернетақтаны еркін қолдана бастаған еді.