Шет ауданында жергілікті білім бөлінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында ауқымды іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.

Кенттегі стадионды халайыққа лық толтырған бұл жиында әртүрлі шығармашылық байқауларда, спорттық жарыстарда жүлделі орындар алып, аудан мен облыстың мерейін асқақтатып жүрген шәкірттерге сый-құрмет көрсетілді.
Атап айтқанда, Мәскеу қаласында онлайн режімінде өткен халықаралық «Математика және жобалау» конкурсының ІІІ дәрежелі диплом иегері, Алматы қаласында өткен Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механикадан халықаралық ғылыми жобалар конкурсының қола жүлдегері Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Аружан Темірлан «Жас ғалым» аталымы бойынша, Қанипа Бітібаева атындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндері олимпиадасының қола жүлдегері Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Аружан Төлеутаева «Олимпиада жұлдызы» номинациясы бойынша марапатталды.
Ал «Өнерлі өнерпаз» аталымы бойынша Ақсу-Аюлыдағы С.Мұқамеджанов атындағы балалар өнер мектебінің вокал сыныбының 5-сынып оқушысы Нұрайлым Айбекова облыстық «Туған еліме мың алғыс» атты патриоттық әндер байқауында 1-орын алған жетістігі үшін сый-құрмет көрсе, Шымкентте өткен асық атудан Ұлттық мектеп лигасы ел чемпионатында қола жүлде алған Әлихан негізгі орта мектебінің 7-8-сынып оқушылары Ханшайым Тұрымтай, Рауан Жеңіс, Іңкәр Батай, Гүлсая Мәжит, Инабат Мәжит «Спорт саңлақтары» номинациясы бойынша марапатталды.
Сондай-ақ, «Оқулар жеңімпазы» аталымында облыстық «Ілияс оқуларының» 1-орын иегері және Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқуларына» қатысып, ынталандыру сыйлығына ие болған Киікті ауылындағы С.Мұқамеджанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ерсұлтан Нұртай үздік шықты.
Бұдан бөлек, қамқоршылық пен қорғаншылық патронаттық тәрбиедегі төрт балаға да сый-сияпат жасалды.
Шет ауданының жақсы атын облыс пен ел көлемінде шығарған ұл-қызға жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік етуімен велосипедтер сыйға тартылды. Жомар жандардың қатарында «Тазалық» ЖШС директоры Ғазиз Әміров, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрат Биғожи, жеке кәсіпкерлер Мұрат Әбенов, Қайрат Қанжанов, Әсел Мырзағалиева, Анария Исина, Мейрамбек Оспанов, Айдын Телпекбаев, Алмас Әупешов, Мақпал Сәттібаева және басқалар болды.
Шет аудандық білім бөлімінің басшысы Елдос Смағұлов қайырымды істен қағыс қалмай, елдің ертеңіне балаған жас өскіннің алдында жолынан жығылмаған жомарт жандарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Одан кейін, аудандық әкімдік тарапынан балаларға базарлық ретінде тегін балмұздақ таратылды.
Мерекелік жиынның соңына таман жиылған қауым өнерлі балалар салған әсем әнді тыңдап, мың бұралған биді тамашалап, жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға ризашылықпен тарасты.
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар