Білім • 08 Маусым, 2022

Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты пікір білдірді

738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп жасындағы оқушылардың хиджаб киюі мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты пікір білдірді

«Министрліктің тиісті бұйрығы бар. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Мектептер де зайырлы мекеме. 2016 жылдан бері қабылданған бұйрық бар. Ол өзгермеді және өз күшін жойған жоқ. Әрине, мектеп формасын сақтау керек. Алайда шындыққа тіке қарап, проблеманы жасырмауымыз қажет. Осы мәселеге қатысты балалардың мектепке бармай жүрген фактілері де бар.

Білімнің инклюзивті болуы өте маңызды, яғни осы балаларға білім беруіміз керек. Ол онлайн форматта да болуы мүмкін. Қазір мектепке бармайтын балалар не істеп жатыр? Мысалға ол балалар «шетелде оқимыз» деп мектептен құжаттарын алып кетеді. Бірақ шындығында олар Қазақстанның шекарасынан сыртқа шығып, ешқайда бармайды. Елімізде онлайн білім беру болмағандықтан көрші мемлекеттердің онлайн-мектептерінен білім оқып жатыр. Ал кейбірі тіпті мектепке баруды мүлде қойған. Ал мұндайға жол беруге болмайды. Балаларымыз міндетті түрде білім алуы керек», деді министр Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.