Оқиға • 08 Маусым, 2022

Иранда пойыз рельстен шығып кетті

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранда пойыз рельстен шығып кетті. Салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранда пойыз рельстен шығып кетті

ISNA агенттігінің мәліметінде 420 жолаушысы бар пойыз Тебес қаласынан Йездке бет алғаны жайлы айтылған.

Оқыс оқиға кезінде 17 адам қаза тауып, отыз жолаушы жарақат алған. Бесеуі ауыр халде емханада жатыр.

ж

Оқиға орнында 12 жедел жәрдем көлігі бар. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда.