«Қазіргі уақытта елде жанар-жағармайдың, соның ішінде дизель отынының тапшылығы байқалып отырған жоқ», делінген Роман Склярдың депутаттар сауалына жазылған жауапта.
Ол өз жауабында ішкі мұнай өнімдерінің теңгерімін сақтау мақсатында 2022 жылдың аяғына дейін мұнай өнімдерін Қазақстан аумағынан сыртқа әкетуге тыйым салу мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Ал ішкі нарықта жанармай саудасының шектеулі көлемде ғана жүруін болдырмау үшін сұраныс, ұсыныс, баға теңгеріміне ұдайы талдау жасалып отыр.
«Бүгінде мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істейді. Оған қоса жанармай өндіру және тарату жүйесін реформалаудың кешенді шаралары қабылданды. Ол бойынша өнімсіз делдалдарды нарықтан ығыстырып, мұнайды өңдеуші зауыттарға жеткізу схемасы қайта қаралады. Осылайша Үкімет жанар-жағармай бағасының негізсіз әрі күрт өсуін болдырмау үшін қажетті шараның бәрін қабылдап жатыр», деді Роман Скляр.