Қоғам • 08 Маусым, 2022

Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы қымбаттады

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың мамырынан бастап 2022 жылдың мамырына дейін қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 27,9%-ға, жаңа тұрғын үй сатылымы 19,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы қымбаттады

2022 жылдың мамыр айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 22,8%-ға өсті.

Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, өңірлік бөліністе тұрғын үйдің бастапқы нарығындағы бағалар жылдық мәнде 27,2%-ға айтарлықтай қымбаттаған.

«Тұрғын үйдің қайталама нарығында бағаның өсу көшбасшылары – Талдықорған (48,6%), тұрғын үйді жалға беру нарығында – Алматы (49,9%)»,  деп атап өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Бір ай ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,7%-ға, пәтерлерді қайта сату - 1%-ға өсті.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы мамыр айында өткен аймен салыстырғанда 1,3%-ға өсті.