Қазақстан • 09 Маусым, 2022

Инновациялар орталығы іске қосылды

200 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Tech Hub және «Интернет-бастамаларды дамыту қорының (ИБДҚ) акселераторы» CorpUp Central Asia корпоративтік инновациялар орталығын іске қосты.

Инновациялар орталығы іске қосылды

Бұл туралы аталған қаржы орталығының баспасөз қыз­меті хабарлады. Мұнда сарап­шылардың бірлескен командасы Орта­лық Азия мен ТМД-дағы компа­нияларға инновациялармен жұмыс істеуге және бизнестің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

CorpUp Central Asia – бұл АХҚО Tech Hub сарапшылары мен «ИБДҚ акселераторының» кор­порациялардың бизнес мін­деттерінің технологиялық ше­шімдерін табуға, сондай-ақ өнімді тәсілдерді енгізуге, қызметкерлер арасында инновациялар мен ішкі кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға арналған алаң. Мұның барлығы компанияларға инновацияларға жұмсалатын шығындарды қыс­қартуға және жаңа өнімдерді нарыққа шығаруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

CorpUp Central Asia ірі бизнеске арналған 30-дан астам кор­поративтік акселераторды іске асырған. ТМД-дағы тех­но­­логиялық стартаптардың ірі ба­­заларының бірін құрып, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және тағы да басқа елдердегі ком­паниялардың нарығы мен тех­нологиялық мін­деттерін терең түсінетін командамен құрылған.

Былтыр АХҚО Tech Hub және «ИБДҚ акселераторы» командалары Mastercard халықаралық төлем жүйесінің қолдауымен еліміздің банктерімен жұмыс істеуге мүдделі технологиялық стартаптарға Қа­зақстанның ал­ғашқы қаржы-технологиялық акселераторын іске қосты. Ше­шімдерді іздеу 11 бағыт бойынша жүргізіліп, аксе­лераторға 272 өтінім қаралды. Бағ­дар­ламаның серіктес банктері – Altyn Bank, Eurasian Bank және Freedom Finance Bank.

«Бұл жоба Қазақстандағы стартаптардың инновациялық ше­шімдеріне үлкен сұраныс пен техно­логияларды енгізу тұр­ғысынан өңірдің тартымдылығын көрсетті. Түрлі салалардағы корпорацияларды ынтымақтастыққа шақырамыз», деді АХҚО Tech Hub корпоративтік инновация­лар жөніндегі басшысы Әсел Абдрахманова.

Интернет-бастамаларды да­­­мыту қоры корпоративті бағдарла­малар бөлімінің директоры Ирина Тарасованың айтуынша, Қазақстанда технологияларға деген қызығушылық жоғары. Аймақтағы корпорациялардың алдында үлкен перспективалар ашылып, тек ТМД-да ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік дең­гейде ірі ойыншы атануға толық мүмкіндік бар.

«Алайда Орталық Азия корпо­рацияларының көпшілігі стартаптармен әлі жүйелі жұмыс жүр­гізбеген. Ал стартаптар әрдайым қажетті шешім ұсына алмайды. Осы кедергілерді алып тастап, ай­мақтағы корпорациялардың тех­нологиялық дамуына қолдау көрсету үшін серіктестермен бірге стар­таптар мен корпорациялардың тиімді әрекеттесуге септесетін алаң құруды ұйғардық», деді И.Тарасова.

«ИБДҚ акселераторы» – Ресейдегі корпоративтік инно­вациялар нарығының негізгі ойыншыларының бірі. 2013 жылдан бастап корпорацияларға стартап шешімдерін тауып бірік­тіруге, сол секілді компания ішін­дегі өнімдер мен адамдарды дамытуға септесіп келеді. Сон­дай-ақ Ресейдің ірі компаниялары үшін ішкі кәсіпкерлік пен көшбасшыларды дамыту бағдар­ламаларын ұйымдастырады. Әлем­дегі алғашқы сатылардағы мә­мілелер саны бойынша топ бестікке кіреді.