АСТАНА. 22 сәуір. «Бэринг Восток» жетекші инвестициялық қоры «Колёса» компаниясына 15 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Бүгін «Колёса» ЖШС өздеріне «Бэринг Восток» қорының 15 млн. доллар инвестиция салғынын және market. kz жобасының іске қосылғанын жариялады.
Осыған байланысты «Колёса» ЖШС бақылаушылар кеңесінің төрағасы Михаил Ломтадзе: «Бұл - қазақстандық интернет тарихындағы ең үлкен келісім. «Бэринг» Восток» қорларында Яндекс, Озон және Авито секілді белгілі интернет-компанияларына қаржы салудың оңды тәжірибесі бар. «Бэринг Восток» сынды халықаралық инвестордың мойын бұруы біздің компанияның дамуы мен нарықтағы позициясын нығайтып әрі кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді.
Естеріңізде болар, «Колёса» ЖШС Қазақстандағы автокөлік және жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу туралы жарнамаларды орналастыру мен жариялау бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұған дейін аталған компанияның иелігінде kolesa.kz, krisha.kz сайттары болған еді. «Колёса» ЖШС директоры Николай Бабешкиннің сөзіне қарағанда, жаңа қосылған market. kz сайты қазақстандықтарға кез келген тауарын сатуға, сатып алуға мүмкіндік береді.
Николай Бабешкин: «Бізге салынған инвестицияны сайтты дамытуға жаратамыз. Таяу арада нарықты көшбасшы болуды басты меже етіп отырмыз», – деді.
Жоғарыда айтылған kolesa.kz мен krisha.kz сайттары 2006 жылы біріктірілген. Қазіргі таңда kolesa.kz автокөлік нарығындағы нөмірі бірінші, ал krisha.kz жылжымайтын мүлік бойынша көшбасшы сайт. 2013 жылы «Колёса» компаниясын Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким сатып алған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Tengrinews.kz.
Фото: Tengrinews.kz.

Digital • Бүгін, 08:20
Маман • Бүгін, 08:15
Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 08:12
Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?
Сараптама • Бүгін, 08:10
Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07
Нейрохирургияның жаңа міндеттері
Медицина • Бүгін, 08:05
Digital • Бүгін, 08:02
Өндіріс • Бүгін, 08:00
Жетісуда жел электр стансасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:45
Трансшекаралық су мәселесі реттеледі
Үкімет • Бүгін, 07:40
Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше