Әлем • 09 Маусым, 2022

Қытайда әскери ұшақ тұрғын үйге құлап, бір адам қаза тапты

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың орталық бөлігіндегі ауданда әскери ұшақ құлап, бір адам қаза тапты. Бұл туралы CCTV мемлекеттік ұлттық телеарнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытайда әскери ұшақ тұрғын үйге құлап, бір адам қаза тапты

Халық азаттық армиясының әскери-әуе күштерінің J-7 ұшағы Хубэй провинциясында оқу-жаттығу миссиясын орындау кезінде апатқа ұшырап, бірнеше үйді зақымдады. Апат орнында бір тұрғын қаза тауып, екеуі жараланған.

Ұшқыш ұшақтан парашютпен сәтті секірген. Ұшқыш та зардап шеккен бейбіт тұрғындар да ауруханаларға жөнелтілді.

Гүлдана Елубай