«Биыл қазақстандық 16 ЖОО QS WUR рейтингіне енді, өткен жылы олардың саны 14 болатын. Ал оған дейін 8 ғана университет болған еді. Жақында университеттеріміз тағы бір әлемдік Times higher education рейтингінде өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Бұл - екі беделді рейтинг. Осының барлығы қазақстандық жоғары білімнің халықаралық деңгейде таныла бастағанының дәлелі. Әлемдік рейтингтерде көтерілу – қазақстандық білім сапасының жақсарғанының және университеттердің жоғары мәртебесінің айқын көрсеткіші. Университеттерді трансформациялау, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың белсенді жұмысының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді», деді министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова.
Биыл әлемдік рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының тізіміне Алматы технологиялық университеті мен Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті де енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Кино • Бүгін, 17:30
Қамшы туралы тарихи мәліметтер топтастырылған кітап жарық көрді
Тарих • Бүгін, 17:15
Халықаралық форумда ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Ғылым • Бүгін, 17:00
Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:45
Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:30