Медицина • 09 Маусым, 2022

Алматыда серозды менингитті жұқтырғандар саны өсті

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өткен жылмен салыстырғанда серозды менингитпен ауыратындар саны 4,1 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда серозды менингитті жұқтырғандар саны өсті

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда серозды менингиттің 157 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық.

«157 жағдайдың 49-ы зертханалық түрде расталды (2021 жылы – 2 жағдай): оқушылар арасында – 36,7%, ұйымдастырылмаған балалар арасында – 16,3%, мектепке дейінгі балалар ұйымына баратын балалар арасында – 42,9%, педагогтар – 2,0% және өзге контингенттер арасында 2,0% құрады», делінеді хабарламада.

Ведомство серозды менингит энтеровирус (ішек вирусы) тектес вирустардан туындаған аурулардың арасында жиі кездесетінін хабарлады.

Аяна Тоғанбек