Қазақстан • 10 Маусым, 2022

Біртанов өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық білдірді

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл айыпталушы тараптың осымен екінші наразылығы. Бұған дейін, яғни 26 мамырдағы сот отырысында «тергеуде олқылық жіберді» деп екі прокурорды істен аластатуды сұраған болатын. Ол арызы қанағаттандырылған жоқ. Істі басқа судья жүргізсін деген талабы да орындалмады, деп жазады Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Біртанов өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық білдірді

Елжан Біртановқа әуелі «ірі көлемде бюджет қаржысын талан-таражға салды» деген айып тағылған. Кейіннен денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттандыру платформасын жарамсыз болса да қабылдап, «іске қосқаны үшін» де жауап беруге тиіс делінді. Ал айыпталушы ел Үкіметі мен Бас прокуратураға шетелдік компания арқылы жасалған платформа жұмысына қатысты келісім-шарттарды қайта тексеру қажет деді.

«Қазір біздің іс туралы жаңалықтар халықаралық баспасөзге шығып жатыр. Себебі өзімнің фэйсбук парақшамда бәрін жарияладым. Швеция мен Қазақстан арасындағы келісімшартқа қатысты, Эриксон компаниясы туралы түрлі-түрлі ақпарат шығып жатыр. Мен жарты жыл бұрын, сот басталмай тұрып Қазақстан Үкіметіне  осыны тексеруді ұсынған болатынмын», деді айыпталушы Елжан Біртанов.

Айта кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі 2020 жыл күдікке ілінген болатын. Тергеу екі жылға созылды.