Әлем • 10 Маусым, 2022

Ресей-Қытай арасында алғашқы көлік көпірі ашылды

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Амур өзені арқылы өтетін Благовещенск-Хейхе халықаралық көлік көпірінде жүк тасымалы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей-Қытай арасында алғашқы көлік көпірі ашылды

Амур арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2016 жылдың желтоқсанында басталып, екі жағалаудан бір уақытта жүргізілді. Бастапқыда нысанның ашылуы 2020 жылдың қараша айында жоспарланған еді. Бірақ эпидемиялық жағдайға байланысты кейінге шегерілді.

Ұзындығы 1080 метрді құрайтын көпір құрылысына 19 миллиард рубль жұмсалған. Енді көпір арқылы күніне 630 жүк көлігі, 164 автобус және 68 жеңіл көлік өте алады.

Салтанат Кенжебай