Әлем • 10 Маусым, 2022

Таиландта түрмеде отырған үш мыңнан аса адамға рақымшылық жасалды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта марихуананы пайдаланумен сотталған 3 мыңнан аса адам түрмеден босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 
 

Таиландта түрмеде отырған үш мыңнан аса адамға рақымшылық жасалды

Рақымшылыққа биліктің марихуананы есірткі заттары қатарынан алып тастауы себеп болды. Жаңа заңға сай енді бұл елде марихуананы өсіріп, тағамдар мен сусындар да пайдалануға рұқсат етілетін болды. Бірақ оны темекі түрінде шегуге әлі де тыйым салынған. Еске сала кетейік, Таиландта 2018 жылы марихуананы медициналық мақсатта қолдануға рұқсат берілген.