«Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» цехында болған төтенше жағдай бәрімізді алаңдатып отыр.
Оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Зардап шегіп, ауруханаға түскен азаматтың тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Алдағы уақытта оқиғаның себептерін анықтау жұмысы ашық әрі әділ жүргізіледі деп сенеміз.» делінген сенат Төрағасының әлеуметтік желіде жарияланған пікірінде.