Аймақтар • 12 Маусым, 2022

Семейде жыл басынан бері 64 жол апаты тіркелді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында жыл басынан бері 64 жол апаты тіркеліп, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде жыл басынан бері 64 жол апаты тіркелді

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері шаһар бойынша 64 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 5 адам көз жұмып, 90 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алды.

«Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыруы, көлікті мас күйде тізгіндеу, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу. Тұрғындардың ақауы бар көлікті жүргізуі де жол апаттарына әкеліп соғып жатады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің ережелерді сақтамауы салдарынан болатын оқыс оқиғалар жиілеп кетті», делінген ақпаратта.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жұртшылыққа жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолда әрдайым абай болу қажеттігін ескертеді.