Теннис • 13 Маусым, 2022

Арсений Требухин Грузиядағы жарыста абсолютті жеңімпаз атанды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Арсений Требухин Грузия астанасы Тбилиси қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы жарыстың абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арсений Требухин Грузиядағы жарыста абсолютті жеңімпаз атанды

Алматы теннис мектебінің түлегі жекелей сында финалда осы турнирдің бірінші ракеткасы, ресейлік Артем Семеновті 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Бұл оның Еуропадағы алғашқы титулы еді. А.Требухин сонымен қатар алматылық Родион Лукашовпен бірге жұптық сында соңғы бәсекеде ресейліктер Иван Макаров – Мирослав Морозовтан айласын асырды – 7:5, 6:2.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар