Оқиға • 13 Маусым, 2022

Петропавлда жол апатынан бір адам қаза тапты

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың айналма жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір жолаушы мерт болды, тағы үшеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда жол апатынан бір адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше түскі сағат 14:30 шамасында Петропавл айналма жолында, яғни Р-49 республикалық автожолының 12-шақырымында Жұмысшы кентіне кіреберісте болған.

«Toyota Alphard» және «Nissan Patrol» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Alphard» автокөлігінің 71 жастағы жолаушысы қаза тапты, тағы үш жолаушы қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.