«Құтырған иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда қосымша қаржы қарастыруға дайынбыз. Құтырған иттерді бағу, емдеу мәселесі тағы бар. Оған да тиісті қаражат бөлу керек. Иттерді күтетін 2 орын бар. Олар «Ника» және ветеринариялық станция маңында орналасқан орындар. Осындай жерлердің санын арттыру көзделіп отыр», деді облыс әкімі.
Оңдасын Оразалинның мәліметінше, келер жылдан бастап иттерге чип тағылып, есепке алынады. Былтыр Ақтөбеде тиісті орган 17 500-ден астам иттің көзін жойған.
Аяна Тоғанбек