23 Сәуір, 2014

Шекарашылар тасбақаларды тажалдан аман алып қалды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-04-14-cherepahi-1

АСТАНА. 23 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында тасбақаларды алып бара жатқан адамдар қолға түсті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Шекарашылар «Келес-Сарыағаш» бағытындағы пойыздың жүк вагонын тексеру кезінде онда апарыла жатқан салмағы 3 центнерге жуық тасбақаға кезікті. Олар жеті қапқа тығыздалып салыныпты. Енді болмағанда, тұншығып өлуге қараған жәндіктер қаптың аузын ашқаннан кейін ғана еркін тыныс ала бастады. Сөйтіп, суық қолды сұғанақтардың тұтқынына тап болып, сатылуға алып бара жатқан тасбақалар шекара қызметкерлерінің арқасында қайтадан бостандыққа жіберілді. Александр Тасболатов. Дереккөз: Шекара қызметінің баспасөз қызметі. Фото: www.smolzoo.ru.