Қазақстан • 14 Маусым, 2022

Жарты миллионнан астам адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 175,8 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жарты миллионнан астам адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады

Оның ішінде 2022 жылдың мамыр айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлеуге 8,2 млрд теңге жұмсалды.

1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528,9 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 180,1 мыңға жетті.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және қайтыс болған асыраушының асырауындағы адам санына, «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 52 318 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 45 906 теңге.