Ғылым • 14 Маусым, 2022

Университет ғылымы негізгі ғылым бола алмады - Саясат Нұрбек

1400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа министрліктің негізгі жұмыс бағыттарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Университет ғылымы негізгі ғылым бола алмады - Саясат Нұрбек

Оның айтуынша, ғылым саласындағы негізгі міндеттерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары кезінде Ұлттық ғылым академиясында айтқан.

«Біріншісі – Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін қайтару және нығайту. Бұл жұмыспен белсенді айналысып жатырмыз. Тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр. Екінші үлкен бағыт – университет пен ЖОО-дағы ғылым. Қазір өкінішке қарай, университет ғылымы негізгі ғылым бола алмады. Іргелі, қолданбалы ғылымды қоректендіретін алаңға айналмады. Бұл іске де бар күш-жігерімізді саламыз», деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, ведомство қызметінің тағы бір маңызды бағыты – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді немесе қолданбалы зерттеулерді қолдау және қаржыландыру.

«Бұл жерде біздің министрлік пысықтап жатқан бірнеше жүйелі шаралар бар. Жақын арада осының барлығын ашық талқылаймыз. Біз өзіміздің ғылыми қауымдастығымыздан, негізгі ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан базалық техникалық тапсырма аламыз», деді С. Нұрбек.