Оқиға • 14 Маусым, 2022

Түркістанда кеурек жинап жүрген 51 шетелдік анықталды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты далалық алқаптарда кеурек өсімдігін жинап жүрген 51 шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда кеурек жинап жүрген 51 шетелдік анықталды

Олардың 31-і Өзбекстан, 17-сі Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Тәртіп сақшылары анықталған азаматтарды дереу полиция бөліміне жеткізіп, шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша шара қолданып, ел аумағынан аластатты.