Аймақтар • 14 Маусым, 2022

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 8 маусым күні облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолының Жалағаш ауданынан өтетін аумағында «Фольксваген-Пассат» автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

Тексеру барысында көліктегі жолаушыдан полиэтилен пакетіне оралған шөп ұнтақтары тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптама тәркіленген заттың кептірілген марихуана екендігін анықтаған. Күдікті ұсталып, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 

Ал 13 маусымда дәл осы Жалағаш ауданындағы Аққыр ауылынан шығысқа қарай шамамен 9 шақырымдағы «Қызыл шұқыр» деп аталатын жер учаскесіндегі қалың шеңгел арасынан ірі есірткі алқабы анықталды. Қызылорда облысының  тұрғыны заңмен тыйым салынған сора өсімдігін ірі мөлшерде егіп, күтіп баптап өсірген.

Оқиға орнына жедел тергеу тобымен қарап-тексеру жүргізу барысында 1149 түп сора өскені анықталып, үлгі ретінде 16 түбі алынды. Ал қалғаны оқиға орнында өртелді.  

Одан бөлек оқиға басынан ұсталған күдіктіні жеке тінту барысында одан газет қиындысына оралған есірткі заты алынды. Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300 - бабы 2 - бөлігінің 3 - тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.