Жалған ақпарат жарға жығатынын білсе де, жұрттың үрейін тудырып, «бәлен мекемеге жарылғыш зат» қойылған деп полицияға хабарласатын «телефон террористерінің» қарасы азаяр емес. Мас күйінде хабар таратып, қаннен-қаперсіз отырған ағайынның мазасын қашыратындардың жазасы да жеңіл емес.

Ішкі істер органдарына жыл басынан бері «телефон терроршыларынан» қанша жалған ақпарат келіп түсті? Оларды қандай жаза күтіп тұр? Халықты үрейлендіруді әдетке айналдырғандармен күрес қалай жүргізіліп жатыр? ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысының орынбасары Спартак Қабденов баспасөз мәслихатында осы сұрақтарға жауап берді.
«Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат тарату – жай ғана бұзақылық емес, қылмыстық жауапқа тартылатын әрекет», дейді ІІМ өкілі. Оның айтуынша, телефонмен өтірік мәлімет беретіндер бұл қылықтарының қаншалықты ауыр екенін саралап жатпайды. Мұндай әрекетті адамдар көбіне еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде жасайды екен.
«Жыл басталғалы бері 5 айдың ішінде Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша істері сотқа жолданған 12 адамның 11-і қылмысты мас күйде жасаған. «Жалған террористің» әлеуметтік портретіне тоқталсам, барлық қылмыстың 88 пайызын жұмыссыздар жасаған», деді С.Қабденов. ІІМ өкілі таратқан мәліметтерге қарағанда, биыл ашылған 19 қылмыстың 15-ін жұмыссыздар жасаған екен. Сонымен қатар кейінгі кездері жарылғыш зат туралы хабарламаларды «телефон террористері» кек алу мақсатында немесе жұртты әуре-сарсаңға салу үшін басқа адамның атынан жолдауды жиілеткен.
«Әлеуметтік желілердің, мессенджерлердің басқа да ақпараттық технологияның дамуына байланысты жалған хабарламалардың интернет арқылы жолдануы күрт өсті. Осы жылдың 5 айында электронды хабарламалар жолдау бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Мәселен, өткен жылы терроризм актісі туралы 73 жалған хабар тіркелсе, биылғы 5 айда ғана бұл санаттағы қылмыстық істердің саны 72-ге жетті», деді министрлік өкілі жағдайды түсіндіріп.
Спартак Қабденовтің айтуынша, осы сипаттағы қылмыстарды ашу оңайға соқпайтын көрінеді. Себебі ақпараттың ақ-қарасын анықтау ішкі істер органдары қызметкерлерінің айтарлықтай уақытын алады.
«Наурыз айында көліктегі полиция департаменті Қостанай облысының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әртүрлі 36 объектінің электронды пошталарына жалған хабар жолдаған қостанайлық тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ Атырау облысында да бір оқушы сабақтың шырқын бұзу үшін мектептің электронды поштасына хабарлама жолдаған. Жалпы, межелі мерзімде тергеу аяқталып, 12 қылмыстық іс сотқа жолданды. 5 адамға қатысты сот үкімі шықты, екі адам бас бостандығынан айыруға, екі адамның бостандығына шектеу қоюға, бір адамды шартты мерзімге соттау жөнінде шешім шықты», деді ІІМ өкілі.
Жалпы, мұндай қылмыстарды мектеп оқушылары да әдейі ұйымдастырып жататын жағдайлар кездеседі. Осы орайда ата-аналар 14 жасқа толған баланың жауапкершіліктен қашып құтыла алмайтынын қаперінен шығармаса дейсің.
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар