Ауыр атлетика • 15 Маусым, 2022

Едіге Емберді әлем рекордын жаңартты

1367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді дүниежүзілік додада ең жоғары нәтижені тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Едіге Емберді әлем рекордын жаңартты

Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы бәсекеде отандасымыз 73 келіде бақ сынады. Ел намысын қорғаған Едіге жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, жалпы есепте топ бастады. Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды. Бұл әлемдік рекорд саналады.

Осылайша қоссайыс қорытындысы бойынша 17 жастағы жерлесіміз 306 келіні көтеріп, бірінші орынға ие болды. Одан кейін Өзбекстан спортшысы Диорбек Эрматов жайғасты. Үздік үштікті канадалық Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.

Айта кетсек, Едіге ұлттық құрама қоржынына екінші алтынды әкелді. Бұған дейін орта салмақтағы Ерасыл Сәулебеков қарсылас шақ келтірмеп еді.