Спорт • 15 Маусым, 2022

Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam жарысына қатысады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтетін рейтингтік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam жарысына қатысады

Аталған әлемдік бәсеке 24 маусым күні басталады. Ерлер ұлттық құрамасынан 13, ал әйелдер командасынан 7 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. 

Ерлер: Бауыржан Нарбаев (60 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Елдос Сметов (66 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Бекәділ Шаймерденов (81 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шерхан (-100 келі), Ислам Бозбаев (-100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі). 

Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі), Зере Бектасқызы (70 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангельдина (-78 келі), Назгүл Маратова (+78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).

Айта кетсек, аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесінде 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай үлестірілетін алғашқы рейтингтік жарыс болмақ.