Биыл Қызылорда облысында 160,4 мың гектар жерге егiс егіледі. Соның 76,6 мың гектары күріш дақылына тиесілі. Бұйыртса, диқандар осы аптада күріш егуді бастайды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды.
Күріш егісіне қажетті 20 мың тонна тұқым қамбада дайын тұр. «ҚазАгроЭкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша бүгінгі күнге 17,7 мың тонна тұқым тексеруден өткізіліп, оның 13895 тоннасын дәл қазір еге беруге болады.
Минералды тыңайтқыштарға келсек, соңғы мәлімет бойынша, шаруашылықтар 21,2 мың тонна аммоний сульфаты, 8808 тонна карбамид, 120 тонна амиак селитрасы, 5790 тонна аммофос, 129 тонна суперфосфат, 1011 тонна фосфорит ұны тыңайтқыштарын алған.
Мамандар биыл су тапшылығы болмайтындығын айтып отыр. Алдын ала жасалған болжамдар бойынша, дақылдарды тұрақты суаруға орташа 4-4,1 миллиард текше метр су қажет. Дәл осындай көлемдегі су Шардарада бар. Қазіргі уақытта Шардара су қоймасынан секундына 700 текше метр су жіберілуде.
2014 жылдың көктемгі дала жұмыстарына 1805 трактор, 250 тұқым сепкіш, 490 соқа, 956 трактор тіркемесі және 415 автокөлік жұмылдырылады. Техникалар бүгінде сақадай-сай тұр.
Облыстың ауылшаруашылық дақылдарын егіп, күтіп-баптау жұмыстарын уақтылы жүргізуге 14 мың тонна дизель отыны, 2,8 мың тонна бензин және 840 тонна қою май қажет. Мұнай өңдеу зауыттарынан облысқа дизель отынын жеткізуші 12 оператор белгіленді. Олардың төртеуі өздерін өздері қамтамасыз ететін шаруашылықтар болса, қалған 8 оператор аудан шаруашылықтарына дизель отынын жеткізіп береді. Қазіргі уақытта шаруашылықтар көктемгі дала жұмыстарына қажетті сұйық отынмен толық қамтылған.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.

Александр Бублик Мюнхендегі турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалды
Теннис • Бүгін, 14:59
iCloud пен Google Drive пайдаланушыларына қауіп төнді
Қоғам • Бүгін, 14:45
Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?
Қоғам • Бүгін, 14:33
Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
Спорт • Бүгін, 14:18
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:05
Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?
Бокс • Бүгін, 13:49
Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді
Оқиға • Бүгін, 13:25
Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:03
Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді
Саясат • Бүгін, 13:00
Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:53
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Заң • Бүгін, 12:35
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 12:25
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қоғам • Бүгін, 12:13
Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:02
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 11:58