Халықтың «Нұр Отанға» сенімі жоғары екенін байқадық, деді тәжікстандық партия өкілі елордадағы кездесуде
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәжікстан халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Асрор Латиповтың Қазақстанға сапары аясында кездесті. Онда партияаралық өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Б.Байбек Қазақстан мен Тәжікстанды уақыт сынынан өткен тату көршілік байланыстыратынын атап өтті. Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері қос ел арасындағы қарым-қатынас достық пен әріптестік ауанында дамып келеді, деді ол. «Сіздердің сапарларыңыздың алдында ғана Астанада ұлтаралық және конфессиялар арасындағы келісімді нығайтуды көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы болып өтті. Партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан бүгінде ел дамуының, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың басты шарты болып табылатын этностар арасындағы келісімнің қалыптасқан моделін мақтан етеді», деп атап өтті Бауыржан Байбек. Ол, сондай-ақ, Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130 ұлттың бір өкілі – тәжік диаспорасы бүгінде бірлік, тұрақтылық, достық пен толеранттылық басты құндылықтар саналатын қазақстандық қоғаммен біте қайнасып кеткенін айтты. Өз кезегінде А. Латипов «Нұр Отанды» 15 жылдығымен құттықтап, «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық жұмыс тәжірибесі мен қазақстандық этносаралық келісім мен ұлттық бірлік моделімен танысуға мүмкіндік туған бұл сапардың маңызы зор екенін жеткізді. «Біздің халықтарды ұзақ жылдарғы достық жақындастырады. Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұражайында болып, халық достығы жоғары бағаланатынына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Мемлекеттің гүлденуіне мықты және беделді адам ғана осынша жұмыс жасай алады, ал Нұрсұлтан Әбішұлы дәл сондай адам. Ол бүгінде тек аймақта ғана емес, одан тысқары жерлерде де көшбасшы ретінде танылған», – деп атап өтті А. Латипов. Сондай-ақ, ол «Нұр Отанның» халықпен жұмыс істеуде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесі делегация құрамын қызықтырып отырғанына тоқталды. «Кез келген партияның басым бағыттарының бірі – халыққа жақын болу, оның жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасау. Бізде де қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді, алайда, бүгінгі көргендеріміз – ерекше, мұндай кең көлемдегі шараларды әлі еш жерде кездестірген жоқпыз. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысынан халықтың сіздерге деген сенімі байқалады. Ең бастысы, олар өз мәселесін шешу үшін сіздерге келеді. Шешілмей жатқан мәселелер бар, алайда, біз осы жерде оларды шешуге болатынын байқадық», – деген А. Латипов «Нұр Отанның» партиялық жұмыс механизмдерін Тәжікстанда енгізуге ниетті екенін айтты. «Егемен-ақпарат».«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Бүгін, 21:54
Алматы облысы – инвестициялар мен халықаралық бизнес орталығы
Алматы • Бүгін, 21:46
Алматы • Бүгін, 20:40
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 19:55
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31