Тарих • 16 Маусым, 2022

Тоқаев ел тарихын тәуелсіз елдің көзқарасымен жазуды тапсырды

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуда шетел ғалымдарын да жұмылдыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев ел тарихын тәуелсіз елдің көзқарасымен жазуды тапсырды

«Мен былтыр еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы тапсырма бердім. Қазір Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр. Белгілі ғалымдарымыз жұмылып, осы маңызды іске атсалысуда. Мен өзім де бұл жұмысқа үлесімді қосамын. Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек», деді Мемлекет басшысы.

Дегенмен, Президент мәселе уақытта емес, сапада дегенді айрықша атап өтті. 

«Тарихымыз жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек. Ғылым және жоғары білім министрлігіне мұны айрықша қадағалауды тапсырамын. Қажет болса, шетел ғалымдарын да тартуға болады», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.