Оқыс оқиға 16 маусым күні сағат 17:00 шамасында болды. Автогаз құю станциясындағы артық қысым клапаны іске қосылып, салдарынан өрт шыққан.
«Өрт сағат 18-15-те өшірілді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. № 34 өрт сөндіру бекеті оқиға орнынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрттің шығу себебін анықтап жатыр», делінген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін Ақмола облысы ТЖД-нің 11 қызметкері мен екі техникасы және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 10 қызметкері мен екі техника, Қосшы қаласының ЖАО өрт сөндіру бекетінің екі қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.