Қазақстан • 18 Маусым, 2022

QazaqGaz ішкі нарық үшін газ көлемін арттырады

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында «QazaqGaz» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды6 деп хабарлайды Egemen.kz.

QazaqGaz ішкі нарық үшін газ көлемін арттырады

Құжатқа сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытындағы қазақстандық газдың өңдеу көлемін жылына 11 млрд м3 дейін арттырады.

Аталған шара ішкі нарыққа тауарлық газ көлемін жеткізуді жылына 1,7 млрд м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық тарапқа сұйық көмірсутек өндірісін арттыруға ықпал етеді.  

Сонымен қатар, «ҚазРосГаз» ЖШС және «Газпром переработка» ЖШҚ арасында 2022-2023 жылдары қазақстандық газды өңдеу бойынша келісім-шарт жасалды. Жекелей алсақ, 2022 жылы бұрын жоспарланған 8,1 млрд м3 көлемге қосымша 0,57 млрд м3, 2023 жылы 2022 жылдың бастапқы деңгейіне қосымша 1,23 млрд м3 газды өңдеу көзделген.