Экология • 18 Маусым, 2022

Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған адам ұсталды

1059 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Қызыл кітапқа енгізілген «бозғылт гүлді рябчик» өсімдігінің тамырларын тасымалдап бара жатқан көлік иесін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған адам ұсталды

2022 жылғы 13 маусымда шекарашылар Мемлекеттік шекараны күзету қызметі барысында Жетісу облысы Сарқан ауданының «Сарқан» шатқалы ауданында Қазақстан Республикасы азаматының басқаруындағы «Ауди» автомашинасын тоқтатқан.
 
Көлікті тексеру кезінде  Қызыл кітапқа енген 33 дана «бозғылт гүлді рябчик» өсімдігінің тамыры табылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Айта кетсек, «Рябчик бледноцветковый» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен өсімдіктердің жойылып кету қаупі бар түрлеріне жатқызылған.
 

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше