Оқиға • 19 Маусым, 2022

Атырауда екі адам топырақ астында қалып қойды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

32 және 22 жастағы атыраулық оқыс оқиға кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда екі адам топырақ астында қалып қойды

Қайғылы жағдай кеше қала іргесіндегі «Жұлдыз» шағын ауданында болған.

Трактор үйдің алдынан ор қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Қос көрші құдыққа түсіп, құбырды жөндеп жатқанда олардың үстіне топырақ опырылып түскен.  Екеуі де тірідей топырақтың астында қалған. Олардың денелері шығарылды.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.