Тартысты жекпе-жектің үшінші кезеңі биылғы 17 қыркүйекке жоспарланған.
Айта кетсек, T-Mobile Arena-да Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі өткен. Боксшылар бұл жерде 2017 және 2018 жылдары кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқас төрешілердің шешімімен «Канелоның» жеңісімен аяқталды.