Әлеуметтік желіде жантүршігерлік жол апаты бейнеленген видео жарияланды. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға құлап түскенін көруге болады.
Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
«Көлік апатының мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Тиісті сараптама тағайындалды», делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.