Елде барлығы 48,7 миллион сайлаушы тіркелген. Олар парламенттің төменгі палатасының 577 депутатын сайлайды.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де ашылып, 18:00-де жабылады. Ірі қалаларда сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Парламенттік сайлаудың екінші кезеңіне қазіргі үкіметтің 15 министрі, оның ішінде премьер-министр Элизабет Борн қатысып жатыр.
Парламент сайлауында жеңілген министрлер, оның ішінде үкімет басшысы да отставкаға кетуі мүмкін.