24 Сәуір, 2014

Шымкентте жарыс кезінде спортшы қаза тапты

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-04-14-shymkent-ushu-sanda-1

АСТАНА. 24 сәуір. Өткен сенбі Шымкентте болған ушу-саньдадан жарыс кезінде 17 жасқа енді толатын жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы total.kz хабарлады. Жекпе-жек кезінде аталмыш бозбала мойнынан қатты соққы алып, жарақаттанып қалады. «Жедел жәрдем» көлігі оны шұғыл ауруханаға жеткізеді. Жас спортшы осы алған жарақатынан оңалмаған күйі 22 сәуір күні түнде үзіледі. Облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының баспасөз хатшысы Сарбиназ Алдабергенованың айтуынша, жарысты «Төржан» деген мектеп ұйымдастырған, оған «облыстық ушу федерациясының да, қалалық спорт мектебінің де ешқандай қатыстары болмаған». Ал облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер спортшының қаза табу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалмайтынын жеткізді. «Бұл бақытсыз жағдай, спортшының жарыс кезінде жарақат алып қалғанын мыңдаған жанкүйерлер өз көздерімен көрді», - деді департамент баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: total.kz. Фото: sports.kz.