Қазақстан • 20 Маусым, 2022

Қазақстан мен Солтүстік Македонияның ынтымақтастығы нығая түспек

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Солтүстік Македонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Солтүстік Македонияның ынтымақтастығы нығая түспек

Кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Солтүстік Македонияны Балқан өңіріндегі маңызды саяси әріптес және дос ел ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда біздің мемлекеттерімізде саяси немесе өзге де қандай да бір келіспеушіліктер жоқ, бұл екіжақты өзара іс-қимылға қарқын беруге қолайлы алғышарттар жасайды. Қазақстан саяси диалогты дамытуға, Солтүстік Македониямен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға мүдделі, сондай-ақ Скопьенің Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақта сенімді серіктесі болуға дайын», деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сали Лимани өз кезегінде Мұхтар Құл-Мұхаммедке және Парламент Сенатының басшылығына қабылдағаны және елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Тараптар Қазақстан мен Солтүстік Македонияның екіжақты қарым-қатынастары мен халықаралық саясаттың ең өзекті мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарын талқылады. Негізгі сыртқы саяси басымдықтардың ұқсастығы, әлемде болып жатқан іргелі процестердің белсенді қатысушылары болуға деген ұмтылыс Қазақстан-Македония қатынастарын әріптестіктің сапалы жаңа деңгейіне шығаруға жақсы негіз болатыны атап өтілді.