Қоғам • 21 Маусым, 2022

Міндет – дипломатиялық дәстүрді жалғастыру

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amanat партиясының Жастар қанаты Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Жас парламен­тарийлерімен кездесу өткізді.

Міндет – дипломатиялық дәстүрді жалғастыру

17-18 маусымда Қазақ­стан­ның төра­ғалық етуімен Түр­­кітілдес елдер Пар­ламент­­тік Ассамблеясының Жас пар­­ламентарийлер тобы мүшеле­рінің бірінші отырысы өтті. Оты­рысқа Қазақстаннан бөлек, Түркия, Әзербайжан, Қыр­ғыз­стан және Өзбек­стан республикаларынан Жас парла­мен­т­арийлер тобының мүшелері қатысты.

Жастар қанатының төр­ағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, Түркітілдес ел­дер­дің өзара бейбітшілік қа­рым-қатынас жасауының маңы­­зы зор. «Қазақ халқы бұ­рын­­ғы заманнан бері бауы­рын сыйлап, көршісін құрмет­теген. Түркітілдес бауыр­ла­ры­мыз­дың Азияның жүрегінде бас қосуы ерекше маңызға ие. Әр ел өзіндік маңыз­ды орын алады. Осы маңыз­дылықты жас­тар терең түсінеді. Аға буын өкілдері жолға қойған дипло­ма­тиялық қарым-қатынасты жалғастыру, біздің, жастардың міндеті. Ұғы­нып қана қоймай, та­рап­тарға пайдалы болатын нәти­желі жұмыстар атқа­ры­лады деген сенімдемін», деп атап өтті ол.

ТүркПА Жас парламен­тарийлерінің мүшесі, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жи­налысының депутаты Зей­неп Йылдыз Қазақ еліне қонақ­жайлылық үшін алғыс білдірді.

«Түркі интеграциясының халық­аралық деңгейде маңыз­дылығы артып, әр жиын са­йын тараптарды тол­ған­­дыр­ған мәселелер оң ше­­ші­мін табуда. Мемлекет­ара­лық бай­­ланыс­тардың да кү­шейіп жатқан­­дығын ерек­­ше атап өтуге болады. Жылы шыраймен қар­сы ал­ған­­­­дары­ңыз үшін алғыс біл­ді­­ре­мін», деді Зейнеп Йылдыз.

Кездесуге қатысқан елор­да­лық жастар мәслихаты мүше­лерінің пікірінше, жас парла­ментарийлермен көзбе-көз жүздесіп, толғандырған сұрақ­тарына тұщымды жауап алу қызықты өткен. Олар сондай-ақ өз елдеріндегі жас­тар саясаты жайында жаңа ақпаратқа қанық болғанын айтты.