Маңғыстау облысы аймақтық ауыл шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясы аңшылық шаруашылық бөлімінің басшысы Тұрғанбай Шапағатовтың айтуынша, 160-қа жуық өлі суқұзғын Баутино мен Аташ ауылдары маңындағы жағалаудан табылған.
«Құстар Қызыл кітапқа енбеген. Адамдардың бұған қатысы жоқ, олардың қырылуы экологиямен байланысты болуы мүмкін. Экология мамандары су, ауа сынамасын және құстардың етінен материалдар алды. Нәтижесі келсе міндетті түрде хабарлаймыз. Біз олардың жаппай қырылуын 2-3 күн бұрын болған қатты дауылмен байланыстырып отырмыз», деді Т. Шапағатов.