Аймақтар • 21 Маусым, 2022

Ақмолада жұмысшыны тоқ соқты

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында құрылысшы тоққа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада жұмысшыны тоқ соқты

Облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, 20 маусымда Есіл аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, жаңадан салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшыны тоқ соққанын жеткізді.

«Анықталғандай, көз жұмған адам Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны. Есіл қаласында құрылыста жұмыс істеген. Оны бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде тоқ соққан», деді ведомстводан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.