Аймақтар • 21 Маусым, 2022

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Бұл мақсатта Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті бірлесіп жедел іс-шара жүргізді.

Нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы қала тұрғынының Шиелі ауданына қарасты далалық жердегі қалың сексеуіл арасында 1 665 түп сора өсімдігін еккені анықталды.

«Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен және 300 -бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Аяна Тоғанбек