Қазақстан • 22 Маусым, 2022

Патриоттар жиыны

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған депутаттар еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған VIII Республикалық әскери-патриоттық «Айбын-2022» жастар жиынына қатысты. Бұл жөнінде жоғарғы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Патриоттар жиыны

Форумда сөз сөйлеген Мұхтар Құл-Мұхаммед жиынға қатысушыларға еліміз Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын оқып берді. Құттықтау сөзінде біздің халқымыз үшін патриотизм сезімі барлық уақытта да қасиетті болғаны және болып қала беретіні атап өтілді. Мұндай жиындарға қатысу жастардың рухы мен мінезін шыңдайды, олар топта жұмыс істеуді үйренеді, лайықты дайындықтан өтіп, сенімді достар табады.

Биылғы іс-шараға он жеті аймақтан, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінен, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің жанынан құрылған клубтардың жас тәрбиеленушілері қатысты. Парламентшілер шатырлы қалашықты, «Айбын – патриоттар мекені» аллеясын, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесін аралап көрді.

Сенаторлар кездесу барысында мемлекеттің назарын әскери қызметтің мәртебесін арттыру мен жастарды әскери борышын орындауға ынталандырудың маңызды екенін атап өтті.